Арақчи: Иран ізгі ниетке жауап береді, бірақ қысымға қарсы тұрады
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрі АҚШ президентінің Израиль парламентіндегі жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп, былай деп баса айтты: «Дональд Трамп бір мезгілде бейбітшілік пен соғыстың президенті бола алмайды; Иран әрқашан құрметті диалогқа дайын, бірақ ол қорқыту мен таңуларға берілмейді».
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сейсенбі күні X әлеуметтік желідегі жолдауында АҚШ президенті Дональд Трамптың Кнессет пен Шарм әл-Шейх отырысында айтқан мәлімдемелеріне реакция білдіріп былай деп жазды: «АҚШ президентінің Иранның ядролық бағдарламасы қарулану кезеңіне жақындады деген мәлімдемесі үлкен өтірік және ешқандай дәлелсіз; тіпті АҚШ-тың барлау агенттіктері де мұндай мәселені растаған жоқ».
Трамптың сионистік режимнің алдауларына тосқауыл қою және Американың бітпейтін соғыстарын тоқтату туралы уәделерін еске салып, Арақчи: «Соғысты қоздырушыларды тежеудің орнына, АҚШ президенті қазір соғыс қылмыскерлерімен қатар тұрып, ирандық бейбіт тұрғындарды бомбалауға жауапты; бұл шабуылдар мыңнан астам адамның, соның ішінде әйелдер мен балалардың өмірін қиған»,- деп қосты.
ИИР Сыртқы істер министрі былай деді: «Иран халқы ежелгі және бейбітшілік сүйгіш өркениетке ие және ізгі ниеттерге ізгі ниетпен жауап береді, бірақ ол ешқашан қысым мен таңуға берілмейді. Иран халқының қарсыласу тәжірибесі көрсеткендей, әрбір басқыншы өз шешіміне ақыры өкінетінін көрсетті».
Арақчи сондай-ақ кейбір елдер мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру мәселесіне тоқталып: «Трамппен бір мәселеде келісеміз; Иран ешқашан Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге сылтау бола алмайды. Геноцид режимімен одақтасуға шешім қабылдаған кез келген ел өз халқы алдында бұл әрекеті үшін жауапкершілікті қабылдауы керек», -деді.