Иранның кез келген агрессияға жауабы өкіндіретін болады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i82408-Иранның_кез_келген_агрессияға_жауабы_өкіндіретін_болады
ParsTday - Иран президенті Иранның кез келген агрессияға жауабы өкіндіретін екенін атап өтті.
(last modified 2026-02-04T16:09:31+00:00 )
Жел 30, 2025 19:42 Asia/Almaty
  • Иранның кез келген агрессияға жауабы өкіндіретін болады

ParsTday - Иран президенті Иранның кез келген агрессияға жауабы өкіндіретін екенін атап өтті.

Иран президенті Масуд Пезешкиан әлеуметтік желідегі жазбасында: «Иран Ислам Республикасының кез келген тирандық агрессияға жауабы қатал және өкіндіретін болады», - деп жазды.

Иран президентінің бұл жазбасы кеше кешке АҚШ президентінің жасаған қоқан-лоққысына жауап ретінде жасалды.

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуінде тілшінің АҚШ Израиль режиміне Иранға қайтадан шабуыл жасауға рұқсат бере ме деген сұрағына жауап беріп: «Әрине, зымыран қуаты үшін рұқсат береміз және ядролық қуат үшін өте тез», - деді.