Лариджани: АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейміз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i82960-Лариджани_АҚШ_пен_ешқандай_келіссөз_жүргізбейміз
ParsToday- Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі хатшысы: «Біз АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейміз. Трамп америкалық сарбаздарды Израильдің билікқұмарлығының құрбаны етті, ал енді өз күштерінің өлімінің артуына алаңдауда»,- деді.
(last modified 2026-03-03T16:39:28+00:00 )
Нау 03, 2026 19:34 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейміз

ParsToday- Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі хатшысы: «Біз АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейміз. Трамп америкалық сарбаздарды Израильдің билікқұмарлығының құрбаны етті, ал енді өз күштерінің өлімінің артуына алаңдауда»,- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі хатшысы Әли Лариджани твитінде былай деп жазды: «Трамп өзінің қияли әрекетімен өзінің «Алдымен Америка» ұраның «Алдымен Израиль» ұранына айырбастады. Ол америкалық сарбаздарды Израильдің билікқұмарлығының құрбаны етті және жаңа өтіріктерімен өзінің жеке әрекеттері шығының америкалық сарбаздар мен олардың отбасыларына  өтеткісі келеді».
Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі хатшысы: «Бүгін Иран халқы өзін қорғауда. Шабуылды Иранның қарулы күштері бастаған жоқ»,- деп баса айтты.
Бұдан бұрын «Әл-Жазира» «Уолл Стрит Жорналға» сілтеме жасап: «Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі хатшысы Вашингтонмен келіссөздерді қайта бастау үшін жаңа талпыныстарын бастады»,- деп айтқан болатын.