Бақаи: Иранның соққылары көршілес елдерге емес, тек АҚШ-тың әскери нысандарына бағытталған
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83000-Бақаи_Иранның_соққылары_көршілес_елдерге_емес_тек_АҚШ_тың_әскери_нысандарына_бағытталған
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Теһранның аймақтағы барлық соңғы шабуылдары АҚШ-тың әскери базалары мен нысандарымен шектелгенін және көршілес елдерге ешқандай шабуыл жасалмағанын баса айтты.
(last modified 2026-03-05T09:34:45+00:00 )
Нау 05, 2026 14:22 Asia/Almaty
  • Бақаи: Иранның соққылары көршілес елдерге емес, тек АҚШ-тың әскери нысандарына бағытталған

ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Теһранның аймақтағы барлық соңғы шабуылдары АҚШ-тың әскери базалары мен нысандарымен шектелгенін және көршілес елдерге ешқандай шабуыл жасалмағанын баса айтты.

ParsToday-дің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақаи сәрсенбі күні «Әл-Арабия/Әл-Хадас» телеарнасына берген сұхбатында Ислам Республикасы «тек өзін-өзі қорғайтынын және көршілес елдерге қарсы ешқандай шабуыл жасамайтынын» мәлімдеді.

Ол Тегеран Иранға шабуыл жасаған нысандарды нысанаға алғанын айта келе: «Біз аймақтағы барлық елдерге достық қолын созамыз және Сауд Арабиясына шабуыл жасалды деген айыптаулар шындыққа жанаспайды», - деп қосты. Бақаи сондай-ақ: «Иранға АҚШ пен сионистік режимнің заңсыз шабуылы жасалды және бұл соғыс таңылған соғыс; біз оны бастаған жоқпыз», - деп атап өтті.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі сөзінің жалғасында Тегеранның қорғаныс әрекеттері жоғары дәлдікпен және әскери нысандармен шектеліп, елдің ұлттық қауіпсіздігін қорғауға бағытталғанын түсіндірді.