Арақчи: Иранның Қарулы күштері агрессорды тұйыққа тіреді; АҚШ қантөгіске жауапты
ParsToday – Иран Сыртқы істер министрі: «Олар біздің Израильге және басқа нысандарға атқан зымырандарымыздың алдын ала алмады. Біз нәтижеге жеттік және олар бізді тоқтата алмады; бұл біздің жеңісіміз»,- деді.
ParsToday мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи бейсенбі кешке NBC News арнасына берген сұхбатында АҚШ пен сионистік режимнің Иранға шабуыл жасағанына тоқталып: «АҚШ қантөгістерге жауапты. Біраздан бұл соғысқа дайындалған Иранның күш-қуатты қарулы күштері соғысты жалғастырғысы келетіндердің өздерін бапқа батыратындарын көрсетеді»,- деді.
Ол былай деп қосты: «Соғыстың басталуынан алты күннен кейін АҚШ өзінің негізгі мақсатына, яғни жылдам және толық жеңісіне жете алмады. Олар өз шабуылдарын ақтауға талпынуда, бірақ ешбір дәлелі тиімді болмады, енді олар «В жобасы» туралы айтады. Оның сәтсіздігі ауырлау болуы мүмкін. Олардың мақсаты үкіметті өзгерті және жылдам жеңіс болды, бірақ сәтсіздікке ұшырады».
Арақчи: «Біз нысанаға алындық, бірақ Израильдегі көптеген нысаналар мен америкалық базаларды нысанаға ала алдық. Зымырандарымыз белсенді әлі дәл әрекет етуде. Сондықтан олар зымырандарымыздың Израиль мен басқа нысандарға жетуіне кедергі жасай алмады. Бұл біздің жеңісіміз эәне біз қарсы тұра алдық»,- деп сөзін жалғады. Ол былай деді: «Соғыста жеңімпаз жоқ. Бірақ біздің жеңісіміз - жаудың заңсыз шабуылдарына қарсыласуымыз. Әлемнің ең күшті армиясына және Израиль армиясына қарсы тұра алдық».