Пезешкиан: Иран аймақ елдерімен қақтығысуды көздемейді
ParsToday - Пезешкиан: «Иран жеріне шабуыл жасау үшін қолданылған базаларды ғана нысанаға алады»,- деді.
ParsToday IRNA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, BBH Президенті Масуд Пезешкиан және Пакістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы соңғы өзгерістер және екіжақты қарым-қатынас туралы пікір алмасты.
Пезешкиан былай деп айтты: «Өкінішке орай агрессорлар көршілес елдер кеңістігін пайдаланып, инфрақұрылым обьектілеріне, қоғамдық жерлерге, ауруханаларға және мектептерге шабуыл жасады. Айта кетсек тек бір жағдайда, Минабтағы мектепке шабуылда 168 оқушы қаза тапты».
Ол Иранның қорғаныс стратегиясына тоқталып: «Иран аймақ елдерімен қақтығысуды көздемейді және жеріне шабуыл жасау үшін қолданылған базаларды ғана нысанаға алады»,- деді.
Ол сондай-ақ: «Егер жаһандық қоғам мен халақаралық ұйымдар Иранға таңылған соғыс пен бұл елге қарсы әскери әрекеттерге қажет назар аудармаса, әлемдік тәртіп пен қауіпсіздік құлдырайды»,- деп қосты.
Пакістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф елінің АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы шабуылын айыптап, Пәкістан үкіметі мен халқының ИИР-мен терең ынтымақтастығын қуаттады.
Шариф сөзінің соңында екі елдің және аймақтағы исламдық елдер қарым-қатынастарын алға ілгерлету жіне нығайту талпыныстарды жалғастыруды мәлімдеді.