Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусы АҚШ-қа тиесілі мұнай танкерін нысанаға алды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83130-Иранның_Ислам_революциясы_Сақшылар_корпусы_АҚШ_қа_тиесілі_мұнай_танкерін_нысанаға_алды
ParsToday- Ислам революциясы Сақшылар корпусының (IRGC) қоғамдық қатынас бөлімі Парсы шығанағында Америкаға тиесілі мұнай танкерін нысанаға алды.
(last modified 2026-03-12T13:14:29+00:00 )
Нау 12, 2026 18:31 Asia/Almaty
  • Иранның Ислам революциясы Сақшылар корпусы АҚШ-қа тиесілі мұнай танкерін нысанаға алды

ParsToday- Ислам революциясы Сақшылар корпусының (IRGC) қоғамдық қатынас бөлімі Парсы шығанағында Америкаға тиесілі мұнай танкерін нысанаға алды.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлағандай, Safe Sia деп аталатын танкер бүгін, бейсенбіде нысанаға алынды. АҚШ-қа тиесілі бұл танкер Маршал аралдарының туымен Парсы шығанағы солтүстігінде жүріпті.

IRGC мәлімдемесіне сәйкес, бұл кеме «Американың террористік армиясының мүлігі» болып саналған және IRGC теңіз күштерінің ескертулерін елемеген.

IRGC Фарсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы қауіп-қатердің себебі АҚШ-тың аймақтағы зорлық-зомбылығы екенін ескертті.

Иранның әскери күштері кемелердің Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында  қауіпсіздікті сақтау үшін Иран жариялаған заңдар мен ережелерге сәйкес әрекет етуі керектігін, сонда ғана «бақылаусыз снарядтардың соққысынан сақталуын» қамтамасыз ететінін баса айтты.