«Имад» зымырандары және Израиль режиміне қарсы ірі соққылар 
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83140-Имад_зымырандары_және_Израиль_режиміне_қарсы_ірі_соққылар
ParsToday-  АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жаңа шабуылынан кейін, Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері қарсы әрекет ретінде жаудың позицияларына қарсы түрлі баллистикалық зымырандар атып, «Шын уәде 4» операциясын бастады. 
(last modified 2026-03-13T11:16:32+00:00 )
Нау 13, 2026 15:48 Asia/Almaty
  • «Имад» зымырандары және Израиль режиміне қарсы ірі соққылар 

ParsToday-  АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жаңа шабуылынан кейін, Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері қарсы әрекет ретінде жаудың позицияларына қарсы түрлі баллистикалық зымырандар атып, «Шын уәде 4» операциясын бастады. 

ParsToday мәліметінше, 28 ақпан 2026 ж. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылынан кейін Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері «Шын уәде 4» операциясын бастады, 12 наурызға дейін 41 кезеңі әртүрлі баллистикалық зымырандарды қолданумен іске асырылды.

Жаңа операцияда Ислам революциясының Сақшылар корпусының «Имад» баллистикалық зымыранын пайдалану оның тиімділігі мен жоғары жойғыш күшін дәлелдеді. 

Қорғаныс министрлігі «Имад» ұзақ қашықтықтағы зымыранды жер‑жер баллистикалық зымырандардың жаңа буыны, сондай-ақ нүкте‑нүкте дәлдіктегі алғашқы ұзақ қашықтықтағы зымыран ретінде таныстырды. Оның жобалау‑өндіріс барлық кезеңдері Қорғаныс министрлігінің Әуе‑ғарыш өнеркәсібі ұйымының мамандары тарапынан жүзеге асырылған.   

«Имад» зымыранын жасау Иранға қарсы кең ауқымды санкцияларға қарсы тұрудың, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің  Иранның қорғаныс қабілеттерін арттыруға деген назарын көрсетеді. Сонымен қатар, «Имад» 2015 ж. ядролық келісімнен кейін алғаш рет сынақтан өткен зымыран болып, ішкі және сыртқы сарапшылар мен БАҚ-тың үлкен қызығушылығын тудырып, халықаралық деңгейде кең реакция тудырды.

 

«Имад» зымыраны

«Имад» баллистикалық зымыранын Қорғаныс министрлігі өнеркәсіптік бөлімшесі 2016 ж. 10 қазан күні, сол кездегі Қорғаныс министрі Хұсейн Дехқан және Қорғаныс күштерінің әуе‑ғарыш бөлімшесінің командирі шәһид Амирали Халдизаденің қатысуымен ресми түрде таныстырды. Бұл зымыран 2015 ж. сынақтан өткен болатын.   

Таныстыру рәсімінде сол кездегі Қорғаныс министрі Хұсейн Дехқан Қорғаныс министрлігінің қарулы күштердің зымырандық қабілетін дамыту, толықтыру және Иран Ислам Республикасы үшін тиімді тежеу күшін арттыру стратегиясына тоқталып, былай деді: «Бұл зымыранның жобалау және жасау барлық кезеңдері Қорғаныс министрлігінің Әуе‑ғарыш өнеркәсібі ұйымының ғалымдары мен мамандары тарапынан жүзеге асырылған. Бұл – Иран Ислам Республикасының алғашқы алыс қашықтықтағы зымырандары, соққыға дейінгі бағыттау және бақылау мүмкіндігіне ие, мақсатқа жоғары дәлдікпен соғып, толықтай жойып тастай алады».    

Шәһид болған Сардар Хаджизаде зымыранның ұшу қашықтығын  1 750 км  деп жариялады. Бұл зымыран Иранның үшінші алыс қашықтықтағы зымыраны ретінде елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған. 

Зымыранның атауы туралы айтқанда, сол кезеңдегі кейбір ливандық БАҚ‑тар Иранның ең дәл алыс қашықтықтағы зымыраны шәһид Имад Моғниенің құрметіне аталғанын айтып кетті.   

 

Ерекшеліктері

«Имад» баллистикалық зымыраны жерден жерге баллистикалық зымырандардың бірі болып табылады. Оның салмағы шамамен 17 тонна, ұзындығы 15 метрден астам, ал диаметрі шамамен 1 метр 25 сантиметр. «Имад» – екі сатылы сұйық отынды зымыран, оның жойғыш бөлігінің салмағы шамамен 750 килограмм және 1700-ден 2000 километрге дейін ұшу қашықтығы бар. Әрине, Рамазан соғысы кезінде Израиль режиміне қарсы шабуылдарда бір тонналық жойғыш бөліктерді пайдалату туралы Қорғаныс күштерінің мәлімдеуіне сәйкес, «Имад» зымыранының жойғыш бөлігінің салмағы да артқан болуы мүмкін.

 

Бұл зымыранның таныстырылғаннан кейін Израиль және АҚШ әскери басшыларын алаңдатқан бірнеше ерекшеліктері бар.

1.  Біріншісі – зымыранның жол бойындағы жоғары жылдамдығы. Бұл зымыран «Arrow-3» сияқты Израильдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінен өтіп, оккупацияланған территориялардағы мақсаттарды жоюға қабілетті.

2.  Екінші ерекшелігі – зымыранның жойғыш бөлігінің маневрлік және мақсатқа соғысқа дейін басқарылуын қамтамасыз етуі. Сол себепті бұл зымыранның қателік коэффициенті 10 метрден аз болады.

3.  «Имад» зымыранының ұшу алаңы да кез келген жағдайда пайдалануға мүмкіндік беретіндей жасалған. Жақсырақ бақылау және басқару үшін ұшу алаңының әртүрлілігі маңызды фактор болып табылады, сондықтан бұл зымыранға жылжымалы және бекітілген ұшу алаңы қарастырылған.  

 

Техникалық сипаттамалары:

*   Жойғыш бөлігінің салмағы: 750 килограмм (жақын маңдағы жарылғыш заттар 450 килограмм)

*   Тиімді ұшу қашықтығы: 1700 километр

*   Ұшу биіктігі: 400 километр

*   Басқару жүйесі: соққыға дейін жойғыш бөлікті басқару үшін инерциялық басқару жүйесі

*   Ұшу алаңы: бекітілген және жылжымалы.