Лариджани: Трамптың ақылы Иран халқының еркі мен батырлығына жетпейді
ParsToday- Иранның Жоғары Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы: «Трамптың ақылы жетпейді; ол Иран халқының батыр және берік ерікті халық екенін білмейді. Ол қаншалықты көп қысым жасаса, Иран халқының еркі соншалықты күшейеді»,- деп баса айтты.
ParsToday-дің хабарлауынша, Иранның Жоғары Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әли Лариджани жұма күні Тегеранда өткен Қудс күні шеруіне қатысып, берген сұхбатында: «Трамптың ақылы жетпейді және ол Иран халқының батыр, күшті және берік ерікті халық екенін білмейді. Ол қаншалықты көп қысым жасаса, Иран халқының еркі соншалықты күшейеді»,-деді.
Ол «Сионистік режимнің Құдс күні шерушілерінің жолына шабуыл жасауының себебі неде?» деген сұраққа: «Сионистік режимнің шабуылдары қорқыныш пен үмітсіздіктен; олардың халықтың шеруіне шабуыл жасауы олардың әлсіздігін көрсетеді»,- деп жауап берді.