Пезешкиан Трампқа ескерту жасады: Қорқытуларыңызға жауапты майданда береміз
ParsToday- Иран президенті АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын ашу үшін Иранға 48 сағат мерзім беру туралы қоқан-лоққысына сілтеме жасап, былай деп мәлімдеді: «Бос сөздер мен қорқытуларыңызға жауапты майданда береміз».
ParsToday-дің хабарлауына сәйкес, Иран президенті Масуд Пезешкиан жексенбіде X әлеуметтік желісінде АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын ашу үшін Иранға 48 сағат мерзім беру туралы қоқан-лоққысына реакция білдіріп былай деп жазды: «Иранды картадан өшіру туралы ой, тарих құрушы халықтың еркі алдындағы дәрменсіздікті көрсетеді. Қастандық пен террор Иран халқын одан сайын біріктіреді».
Ол жалғастыра отырып, Дональд Трамптың Ормуз бұғазын ашу үшін Иранға 48 сағат мерзім беру туралы қоқан-лоққысына сілтеме жасап, былай деді: «Ормуз бұғазы Иран жеріне шабуыл жасағандардан басқа барлық ел кемелері үшін ашық».
Иран Президенті былай деп баса айтты: «Бос сөздер мен қорқытуларыңызға жауапты майданда береміз».