АҚШ әскери бюджетін қаржыландырушы қаржы институттарына Қалибафтың ескертуі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83328-АҚШ_әскери_бюджетін_қаржыландырушы_қаржы_институттарына_Қалибафтың_ескертуі
ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ әскери бюджетін қаржыландырушы қаржы институттарына ескерту жасады.
(last modified 2026-03-23T12:50:29+00:00 )
Нау 23, 2026 17:08 Asia/Almaty
  • АҚШ әскери бюджетін қаржыландырушы қаржы институттарына Қалибафтың ескертуі

ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ әскери бюджетін қаржыландырушы қаржы институттарына ескерту жасады.

ParsToday-дің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф өзінің жеке парақшасында АҚШ әскери бюджетін қаржыландырушы қаржы институттарына былай деп жазды: «Сіздердің акцияларыңызды бақылауда ұстаймыз; бұл соңғы ескерту».

Қалибаф жалғасында: «Әскери базалардың қатарында АҚШ әскери бюджетін қаржыландыратын сол қаржы институттары біздің заңды нысаналарымыз болып табылады», - деп жазды.

Ол былай деп қосты: «АҚШ қазынашылық облигациялары ирандықтардың қанына былғанған. Егер сіздер оларды сатып алсаңыз, өз штабтарыңыз бен мүлкіңізге шабуыл жасауды сатып алғаныңыздың өзі».