Исмаил Бақаи Францияға: Екіжүзді және жалған тәсілдерді тоқтатыңыздар!
ParsToday- ИИР Сыртқы істер министрлігінің өкілі былай деп жазды: «Франция басшылары екіжүзділікті жалғастыруда, олар халықаралық құқықтың ең анық бұзылуларына үнсіз қалып отыр».
ИИР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бақаи Франция президентінің Иранға соғысты тоқтатуын талап еткен ұстанымына X желісінде реакция білдіріп: «Франция басшылары әлі күнге дейін екіжүзділікті жалғастыруда; палестиналықтардың геноциді, Ливанға қарсы агрессияны жалғастыру, сондай-ақ АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы заңсыз және анық соғысы сынды халықаралық құқықтың ең анық бұзылуларына үнсіз қалып, Ираннан келісімге келуді талап етеді!»- деп жазды.
Бақаи былай деп мәлімдеді: «Бұл соғысты Иран бастады ма? Неліктен агрессорларды мақсат етпейсіздер?! Бұл істеріңіз ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Францияның қарсыласу күштеріне: «Нацистердің Франция жеріне шабуыл жасауына қарсыласпаңдар» дегенге ұқсас! Мұндай талап ахлақ, логика және заңға сай келедіме?!» деді.