Сардар Шекарчи: АҚШ әскері күшті Иранға төтеп бере алмайды
ParsToday - Иран Қарулы күштерінің аға өкілі: «Сионистік режимнің зираттарын абадтадық; олар тіпті әскери өлілерін бермейді»,- деді.
ParsToday-дің хабарлауынша, Иран Қарулы күштерінің аға өкілі сардар әскери генералы Әбуалфазл Шеқарчи «Рамазан соғысының» соңғы жағдайы туралы: «Америкалықтар бүгін соғыстың алғашқы күніне қайтуға тырысса, 5 жыл уақыт кетеді және бұл біздің жаулар үшін ең үлкен жаза»,- деді.
Сардар Шеқарчи былай деп қосты: «АҚШ әскері күшті Иранға төтеп бере алмайды және егер жабдықтарына сүйенсе, бұл жабдықтар Иран күшіне қарсы тұра алмайтынын түсінді».
Ол американдықтардың Батыс Азияда 50 жылдан бері қауіпсіздікті сылтауратып, инвестиция салып, аймақ халқының ақшасына жабдық сатып, базалар салғанын және елдерді алдағанын айтып: «Американдықтарды алғаш рет базаларынан қашуға мәжбүр еттік»,- деп баса айтты.
Сардар Шекарчи: «Егер бұл соғыс тоқтаса да, біздің шарттарымыз бар және олар орындалмаса, американдықтардан бас тартпаймыз»,- деді.
Соңында ол: «Бүгін елдер Америка оларға қауіпсіздік бере алмайтынына және өз аяқтарымен тұруы керектігіне көз жеткізді»,- деп айтты.