Шын уәде-4» операциясы, 86-толқын: дұшпанға христиан шәһидтер атынан шабуыл жасау
ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз қызметі мәлімдемесінде, 8 жылдық Қасиетті қорғаныс пен Рамазан соғысының армян және христиан шәһидтерін еске алып «Шын уәде-4» операциясының 86-шы толқыны жүргізілгенін хабарлады.
ParsToday хабарлауынша, «Шын уәде-4» операциясының 86-шы толқыны бүгін жексенбі таңертең Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе және теңіз күштерінің зымырандық және ұшқышсыз шабуылдарымен бірнеше кезеңді түрде басталды, бұл шабуыл христиан шәһидтеріне арналды.
Операцияның бірінші кезеңінде Виктория, Арифджан және Әл-Харж АҚШ базаларындағы әуе және ұшқышсыз операциялар инфрақұрылымдары мен қару-жарақ қоймалары зымырандық және ұшқышсыз соққыға ұшырады. Кейін Арад, Негев, Тел-Авив, Арбиль, бесінші теңіз флотилиясы және Әл-Зафра аймақтарындағы АҚШ әскерінің, сионистер режимінің және «Комола» партиясының террорлық күштерінің жасырын орындары дәл соққыға ұшырады.