Қалибаф: Дүние шәһид Тангсиридің жарқын әсерлерін Ормуз бұғазында көреді
ParsToday – Иран Ислам Кеңесінің төрағасы хабарламада адмирал Әлиреза Тангсиридің, Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің батыл қолбасшысының шәһид болуын құттықтап, көңіл айтып: «Егер жау батырларды жою батырлықты жоюға әкеледі деп ойласа, өз бақытын сынап осы жоғары мәртебелі шәһидтің мұрагерлерінің жауабын көре алады»,- деп баса айтты.
ParsToday-дің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Бақер Қалибаф, Иран Ислам Кеңесінің төрағасы жолдауында былай деп жазды: «Менің қымбат досым, сардар Әлиреза Тангсиридің, Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің батыл қолбасшысының шәһид болуы туралы жаңалық имсламқы Иранның жауларының дәрменсіздігі мен әлсіздігін тағы да көрсетті және олардың террор мен өлтіруден басқа жолды білмейтінін және оның сәтсіздігі алдын ала анық болғанын көрсетті».
Қалибаф былай деп айтты: «Біз үшін шәһид Рәис-Али Делавариді еске салған ирандық батыл және қайсар қолбасшы өзінің берекелі өмір жылдары бойы жарқын және жоққа шығарылмайтын әсерлер қалдырды, оның үлгісін дүние Ормуз бұғазында анық көреді».
Ол былай деп қосты: «Шәһид Тангсири батылдықтың, діни билікке беріктігінің және тұрақтылықтың жарқын үлгісі. Ол Американың кемелеріне шабуыл жасауға бір сәтте күмәнданбаған, отаршылдықтың құралдарына қатты соққы беріп, олар соғыс майданың тастап, ең алыс жағалауларда тоқтады. Егер жау батырларды жою батырлықты жоюға әкеледі деп ойласа, өз бақытын сынап көре алады, осы жоғары мәртебелі шәһидтің мұрагерлерінің қатаң жауабын көреді».