Сардар Фадави: АҚШ-тың ақымақтықтары әлем халықтарын тапшылыққа ұшыратты
ParsToday – Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының кеңесшісі: «Үлкен шайтанның ақымақтықтарының салдарынан әлем халықтары тапшылыққа ұшырады»,- деді.
ParsToday хабарлауынша, сардар Әли Фадави, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының кеңесшісі теледидарлық сұхбатта АҚШ-тың қате есептеулеріне тоқталып: «Америкалықтар Иранды жоюға болады деп ойлады, алайды қазір өте қарапайым мақсаттарға жетуін көздеп отыр»,- деді.
Ол АҚШ-тың ақымақтықтары әлем халықтарын тапшылыққа тірегеніне тоқталып: «АҚШ өз мақсаттарына жету үшін Иранға шабуыл жасап, халықаралық заңдардан тыс әрекет жасады. Соғыста барлық елдер сақтауды міндетті деп санайтын заңдарды бұзды, оларды бұзу соғыс қылмысы ретінде танылады»,- деп мәлімдеді.
Сардар Фадави сөзінің жалғасында Иранның бейбіт тұрғын орталықтарына жасалған шабуылдарға сілтеме жасап: «АҚШ өз мақсаттарына қол жеткізбеді, Иранның бейбіт тұрғын орталықтарын нысанаға алу қосымша мәселелер тудыруымен бірге, бұл елді халықаралық заңдарды бұзуға байланысты жаман атты етті»,- деп айтты.