«Фаттах-2»: Гипердыбыстық зымыран технологиясындағы үлкен қадам және жауға қарсы тиімді қару 
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83554-Фаттах_2_Гипердыбыстық_зымыран_технологиясындағы_үлкен_қадам_және_жауға_қарсы_тиімді_қару
ParsToday- Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы американдық ұшқыштар тұратын жерге дрон және зымыран соққысы туралы хабарлады.
(last modified 2026-04-03T22:09:32+00:00 )
Сәу 03, 2026 04:05 Asia/Almaty
  • «Фаттах-2»: Гипердыбыстық зымыран технологиясындағы үлкен қадам және жауға қарсы тиімді қару 

ParsToday- Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы американдық ұшқыштар тұратын жерге дрон және зымыран соққысы туралы хабарлады.

ParsToday хабарлауы бойынша, Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы генерал-майор Сейед Мәжид Мусави: «АҚШ-тың террорлық армиясының шайтандық күштерінің біздің елге қарсы әртүрлі әуе шабуылдарына жауап ретінде, Сауд Арабиясының әл-Харж базасында орналасқан АҚШ әуе эскадрилиясының кадрлерінің орны – Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің бірлескен дрон және зымыран операциясының нысаны болды», - деді.

Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің американдық және сионистік жауына қарсы шабуылдарында, соның ішінде гипердыбыстық «Фаттах» зымырандарын қоса алғанда, баллистикалық зымыран түрлерін қолданды. 

 

Гипердыбыстық зымырандар

Зымырандар жылдамдыққа, ұшу биіктігіне, маневр жасау қабілетіне байланысты әртүрлі санаттарға бөлінеді. Гипердыбыстық немесе үстен дыбыстық зымыран – дыбыс жылдамдығының 5-тен 25 есе жылдамдықпен ұшатын зымыран немесе оқ-дәрі деп аталады. Гипердыбыстық жылдамдыққа жету – бұл осы сынып зымырандарының жалғыз ерекшелігі емес, өйткені көптеген баллистикалық оқ-дәрілер шабуылдың соңғы фазасында осы жылдамдықтан асады. Маневр жасау қабілеті және қозғалыс траекториясының болжамсыздығы – гипердыбыстық зымырандардың басқа ерекшелігі.

 

Маңызы 

Негізінен, гипердыбыстық зымырандар өте құнды қарулар, себебі қазір оларды ұстау және жою үшін іс жүзінде ешқандай сенімді әрі тиімді әдіс жоқ. Батыс елдері гипердыбыстық зымырандарға қарсы тұруда әлсіз және батыстық зениттік-зымыран жүйелері Ресей Украина соғысында гипердыбыстық зымырандарды алғаш рет қолданғаннан бері оларға қарсы ашық әлсіздікпен бетпе-бет келуде.

Осылайша, Иранның гипердыбыстық «Фаттах» зымыранын ұсынуы және қызметке енгізуі соғыстың тағдырын өзгерте алатын және «ойын өзгертуші» деп аталатын қару жасау саласында жаңа бетбұрыс ашты деп айтуға болады. Бұл жаңа фактор – «Фаттах» зымыраны – Батыс Азиядағы әскери және қарулану теңдеулерін Иран пайдасына өзгертті және Иранға қарсы кез келген жауапты әрекеттерін қайта есептеуге Иран-Ислам жауларын мәжбүрлейді.

 

Түрлері 

Екі санат зымыран гипердыбыстық зымырандар деп танылады: гипердыбыстық планерлер HGV (Hypersonic Glide Vehicle) және гипердыбыстық круиздік зымыран HCM (Hypersonic Cruise Missile).

 

«Фаттах-2»   

2023 жылдың 19 қарашасында Ислам революциясының шәһид жетекшісі, Жоғары қолбасшы Аятолла Хаменеидің Ашура әуе-ғарыш ғылымы мен технологиялары университетіндегі болуы кезінде Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің жаңа қару-жарақтарының кең спектрінен ашу жасалды. Бұл қарулардың бірі – гипердыбыстық «Фаттах-2» зымыраны болды.

 

Ерекшеліктері

«Фаттах-2» – планер және круиз қабілеті бар гипердыбыстық  зымыран, ол HGV гипердыбыстық планерлер санатына жатады. Әлемде тек 4 ел, соның ішінде Иран Ислам Республикасы осы гипердыбыстық қарулардың технологиясын иеленеді. 

Ислам революциясының Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің сол кездегі қолбасшысы, шәһид генерал-майор Хаджизаденің айтуынша, бұл зымыран 1800 км қашықтықты 10 Мах жылдамдықпен (дыбыс жылдамдығының 10 есе) жүреді. Бұл 1100 км қашықтықты жауға тигізу үшін тек 300 секунд немесе 5 минутта жетеді дегенді білдіреді.  

2023 жылдың маусымында 1400 км радиусы бар және маневр жасайтын гипердыбыстық «Фаттах-1» зымыраны ұсынылған болатын, содан кейін Иранның жаңа баллистикалық зымырандарының түрі – «Фаттах-2» шықты.

«Фаттах-2» зымыранының аэродинамикалық дизайнына байланысты ол HGV түрінде және үлкен бустерге ие болып, траекторияның соңғы қысқа кезеңінде маневр жасайды. Оның жылдамдығы 5 Мах-тан 20 Мах-қа дейін конструктордың дизайны мен ниетіне байланысты әртүрлі.

HGV оқ-дәрілері, мысалы «Фаттах-2», баллистикалық оқ-дәрілердің биіктікке көтерілу әдісінің орнына өте төмен биіктікте, қайта-қайта бағыт өзгерту мүмкіндігімен мақсатқа қарай траекторияны жүріп өтеді, нәтижесінде жау ПВО-сының ерте ескерту радарлары оларды анықтауда қиындыққа ұшырайды және жау зымыран қорғанысының жиынтығын таңқалардыру ықтималдығы айтарлықтай артады.