Пезешкиан: Біз Иранды табандылықпен және барлық мүмкіндіктермен қорғаймыз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83558-Пезешкиан_Біз_Иранды_табандылықпен_және_барлық_мүмкіндіктермен_қорғаймыз
ParsToday- Иран Президенті АҚШ-пен келіссөздер жүріп жатқан тұста Иранның осы ел мен АҚШ пен Израильдің әскери шабуылға ұшырағанын еске сала отырып: «Біз өзімізді қорғауға бел будық», - деп мәлімдеді.
(last modified 2026-04-04T07:00:17+00:00 )
Сәу 03, 2026 14:47 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Біз Иранды табандылықпен және барлық мүмкіндіктермен қорғаймыз

ParsToday- Иран Президенті АҚШ-пен келіссөздер жүріп жатқан тұста Иранның осы ел мен АҚШ пен Израильдің әскери шабуылға ұшырағанын еске сала отырып: «Біз өзімізді қорғауға бел будық», - деп мәлімдеді.

ParsToday хабарлауынша, ИИР Президенті Масуд Пезешкиан Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесуінде оған АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әскери агрессиясына байланысты соңғы оқиғалар, сондай-ақ олардың мектептерге, ауруханаларға, Иранның өмірлік маңызды және өнеркәсіптік инфрақұрылымдарына шабуыл жасау сияқты соғыс қылмыстары туралы ақпарат берді.

Пезешкиан Иранның АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп жатқан кезде осы ел мен сионистік режимнің әскери шабуылына ұшырағанын айтып, Иран Ислам Республикасының барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өзін қорғауға деген нық сенімін баса айтты.

Әзірбайжан Президенті де бұл әңгімеде соғыстың аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тигізетін кері салдарларына тоқталып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнайтынына сенім білдірді.

Екі елдің президенттері сондай-ақ түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.