Бақаи: Дұшпандарды Иран лауазымды тұлғаларын өлтіргені үшін жауапқа тартамыз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83788-Бақаи_Дұшпандарды_Иран_лауазымды_тұлғаларын_өлтіргені_үшін_жауапқа_тартамыз
ParsToday- Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: «АҚШ пен Израильді елдің лауазымды тұлғаларын өлтіргені үшін жауапқа тартамыз»,- деп мәлімдеді.
(last modified 2026-04-16T15:14:10+00:00 )
Сәу 16, 2026 20:11 Asia/Almaty
  • Бақаи: Дұшпандарды Иран лауазымды тұлғаларын өлтіргені үшін жауапқа тартамыз

ParsToday- Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: «АҚШ пен Израильді елдің лауазымды тұлғаларын өлтіргені үшін жауапқа тартамыз»,- деп мәлімдеді.

ParsToday хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақаи RIA Novosti-ге берген сұхбатында АҚШ пен Израильді Иран лауазымды тұлғаларын өлтіргені үшін жауапқа тарту қажеттілігіне баса назар аударып: «Менің ойымша, Иран ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық (АҚШ пен Израильдің) жауап беруін талап етеді», – деп қосты. 

Бақаи былай деп жалғастырды: «АҚШ пен Израиль жасап жатқан нәрсе халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы қылмыс. Бұл әскери қылмыс және адамзатқа қарсы қылмыс болды».