Джебели: Журналистердің өлтірілуі режимнің біртіндеп жойылуының белгісі
Сәу 24, 2026 07:28 Asia/Almaty
ParsToday - Иранның ұлттық БАҚ басшысы Израиль оккупациялық режимінің ливандық журналист Амал Халилді өлтіруіне реакция білдірді.
ParsToday хабарлауынша, ИИР-ның Телерадио бірлестігі басшысы Пейман Джебели ливандық журналист Амал Халилді басқыншы Израиль режимінің өлтіруі туралы хабарламасында былай деп жазды: «Сионистік режимнің ең үлкен қорқынышы - ашылып жатқан шындық. Сондықтан ол үнемі журналистерді нысанаға алады».
Иранның ұлттық БАҚ басшысы былай деп қосты: «Бұл жолы шәһид болған ливандық журналист Амал Халилдің қаны шындыққа жарық түсіреді. Қарсыласудың өмір сүруі және қылмыскер Израиль режимінің біртіндеп жойылуы деп аталатын шындық».