Сардар Асади: Жауға таңғалдыратын шаралар қарастырылды
ParsToday – «Хатам-ал-Әнбия (с.ғ.с.)» орталық штабының орынбасары жаулардың ықтималды соғысына қарсы таңғалдыратын шаралар қарастырылғанын хабарлады.
ParsToday хабарлауынша, ИИР «Хатам-ал-Әнбия (с.ғ.с.)» орталық штабының орынбасары Мұхаммаджафар Асади аймақтағы өзгерістерді талдау және Иран мен АҚШ арасында шиеленістің пайда болу ықтималдығы туралы сұхбатында: «Иран мен АҚШ арасында қайтадан қақтығыс болуы мүмкін және деректер АҚШ-тың ешбір келісімге берік емес екенін көрсетеді. АҚШ басшыларының әрекеттері мен мәлімдемелері көбіне медиалық сипатта, біріншіден мұнай бағасының құлауын болдырмау, екіншіден өздері жасап алған жағдайдан шығу үшін айтылады» деді.
Асади: «Әскерилердің бағалауы бойынша, Иранға қарсы операция жасаса да, жасамаса да, АҚШ осы тұзаққа түсті, шығу жолы жоқ. Имам шәһидіміз «сионист режим «Әл-Ақса дауылына» дейінгі жағдайына қайтып оралмайды» деп айтқандай, АҚШ жағдайы да Иранға шабуылға дейінгі қалпына қайтып оралмайды. Әлем АҚШ-тың шындығын түсінді және қазір қаншалықты зұлымдық жасаса да, көпшілік қорқатын сол АҚШ емес» деді.
«Хатам-ал-Әнбия (с.ғ.с.)» орталық штабының орынбасары Иран қарулы күштерінің америкалықтардың авантюрасы мен ақымақтығына жауабы туралы: «Біз кез келген жаулық әрекетке жауап қайтаруға толық дайынбыз» деп нақтылады.
Ол жауға таңғалдыратын шаралар қарастырылғанын айтып: «Қатысты басшылар айтқандай, жаулардың қайтадан соғыс қоздыруына қарсы олардың елестетуіне сыймайтын шаралар қарастырылған» деп баса айтты.