Иран Мәдениет министрі: Хайям ирандықтардың мәдени болмысының бір бөлігі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84278-Иран_Мәдениет_министрі_Хайям_ирандықтардың_мәдени_болмысының_бір_бөлігі
ParsToday – Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: «Ирандық ақын Хайям Иранның тарихына ғана қатысты емес; Ол біздің өмір сүретін мәдени болмысымыздың бір бөлігі»,- деді.
(last modified 2026-05-18T11:55:08+00:00 )
Maм 18, 2026 17:03 Asia/Almaty
  • Иран Мәдениет министрі: Хайям ирандықтардың мәдени болмысының бір бөлігі

ParsToday – Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: «Ирандық ақын Хайям Иранның тарихына ғана қатысты емес; Ол біздің өмір сүретін мәдени болмысымыздың бір бөлігі»,- деді.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Сейед Аббас Салехи атақты ирандық ақын Омар Хайямды еске алу күніне орай жолдауында: «Қазіргі өмірдің қарбаластығына, күнделікті тұрмыстың қиындықтарында Хайям Нейшабуридің өлеңдері аламды ойлануға, өзімен сөйлесуге жаңа шақыру болуы мүмкін»,- деп айтты.

Ол былай деп қосты: «Хайям - Иран мәдениетіндегі даналықты еске түсіру. Адамдарды сұрақ қоюға, өмірдің мәніне тоқтауға және олардың әлеммен қарым-қатынасына қайта қарауға шақыратын дәстүр».

Иранның Мәдениет министрі: «Өзгерістердің жылдамдығы кейде терең түсіну және ойлану мүмкіндігін алыстататын заманда Хайямның мұрасы әлі де бүгінгі қоғам үшін шабыт бола алады. Ғылым мен әдебиет, ақыл мен поэзия, өмір мен ой бір-біріне қайшы келмей, бірін-бірі толықтырып тұратын мұра»,- деп баса айтты.

Салехи былай деп мәлімдеді: «Хайям Иранның тарихы мен өткеніне ғана жатпайды; Ол біздің тірі мәдени болмысымыздың бір бөлігі; Ғасырлар өтсе де, замандас адамды уақытты, шындықты, өмірді ой елегінен өткізуге, өмірдің сәттерін бағалауға шақыратын үн».