Аракчидің Джозеф Аунға жолдауы: Ливанды нағыз жауының қолынан құтқарыңыз
ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Ливан президенті Джозеф Аунға жолдаған жолдауында: «Ливанды нағыз жауының қолынан құтқарыңыз»,- деп баса айтты.
ParsToday IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи өзінің X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында былай деп жазды: «Джозеф Аун мырзаның мәлімдемелеріне сәйкес, Ливан аумағының бестен бір бөлігін басып алған, ливандықтардың төрттен бір бөлігін босқынға айналдырған және оның елін күн сайын бомбалап жатқан Иран екен».
ИИР Сыртқы істер министрі былай деп қосты: «Егер Ливан Иран үшін сауда құралы болса, біз бұрыннан келісімге келер едік». Арақчи былай деп баса айтты: «Ливанды оның нағыз жауынан құтқарыңыз, мырза Президент!»