ИИР Сыртқы істер министрлігінің АҚШ-тың Иранға қарсы агрессивті әрекеттері туралы мәлімдемесі
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың агрессивті әрекеттеріне қатысты мәлімдемесінде: «Иран қарулы күштері аймақтағы АҚШ нысаналарына қатты соққы берді», - деп хабарлады.
ИИР СІМ мәлімдемесінде: «10 маусым, сәрсенбі күні таңертең АҚШ режимі дүйсенбі күні кешке Ормуз бұғазының үстінде террористік армиясының Апачи тікұшағын атып түсіру сылтауымен Иранның оңтүстігіндегі аймақтарға қатыгез шабуылдар жасады. Бұл шабуылдар БҰҰ Жарғысын, әсіресе 2-баптың 4-тармағын және халықаралық қатынастарда күш қолдануға тыйым салатын негізгі ережені өрескел бұзу болып табылады, ал АҚШ-тың билігі осы агрессивті әрекеттерімен өзінің қылмыстық және соғысқұмарлық сипатын тағы да көрсетті», - деп жариялады.
АҚШ-тың Иранға қарсы әскери агрессиясына және Иранның ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзуына жауап ретінде, ИИР-ның қуатты қарулы күштері өздерінің өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру барысында осы агрессиялардың көзі болған аймақтағы АҚШ базалары мен активтеріне қатты соққы берді.
Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иранға қарсы әскери агрессия қылмысын қатаң айыптай отырып, аймақтағы барлық елдердің, әсіресе Парсы шығанағының оңтүстік жағалауында орналасқан елдердің АҚШ террористік армиясы мен сионистік режимнің Иранға қарсы агрессивті әрекеттерді жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және қолдау үшін өз аумақтары мен нысандарын пайдалануына жол бермеу үшін заңды және моральдық жауапкершілігін тағы да еске салады және Иран шабуылдардың көзін, сондай-ақ елге қарсы агрессивті операцияларды жүзеге асыру және қолдау үшін пайдаланылатын базалар мен логистикалық нысандарды нысанаға алуды қоса алғанда, өзін-өзі қорғауға деген өзінің ажырамас құқығын пайдаланудан тартынбайтынын ескертеді.
ИИР-ның СІМ сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұымының, әсіресе оның Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас хатшысының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және агрессорларды жауапкершілікке тарту міндетін қайта есее салды.