Шәһид күрескер имаммен қоштасу және жерлеу рәсімінің егжей-тегжейлері жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84634-Шәһид_күрескер_имаммен_қоштасу_және_жерлеу_рәсімінің_егжей_тегжейлері_жарияланды
ParsToday – Шәһид күрескер имам, аятолла Хаменеимен  қоштасу және жерлеу рәсімінің егжей-тегжейлері жарияланды.
(last modified 2026-06-13T17:11:47+00:00 )
Маусым 13, 2026 21:38 Asia/Almaty
  • Шәһид күрескер имаммен қоштасу және жерлеу рәсімінің егжей-тегжейлері жарияланды

ParsToday – Шәһид күрескер имам, аятолла Хаменеимен  қоштасу және жерлеу рәсімінің егжей-тегжейлері жарияланды.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, шәһид күрескер имамды еске алу штабы сенбі күні мәлімдеме жасап: «Шиит әлемінің әйгілі ғұламасы, Ислам революциясының дана көсемі және Ақиқат пен Қарсыласу майданының туын ұстаушы күрескер имам, аятолла Сейед Әли Хұсейни  шәһид болуынан кейін ислам әлемі бүкіл берекелі өмірін шындық сөзін қолдау, исламды қорғау, халыққа қызмет ету және ислам үмбетін басқару жолында өткізген ұлы адам үшін қайғыға батты»,- деді.

Шәһид күрескер имам, аятолла Хаменеиді еске алу штабы имам Мәһди (ғ.с.), Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі, аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеиге және ақиқат жолына берілген барлық азат ұлттарға көңіл айта отырып, исламдық Иранның халқына және Ислам мен революцияның сүйіспеншілерінің барлығының жаппай қатысуына терең ризашылығын білдіреді.

Осы штабтың бұрынғы хабарландырулардан кейін және жасалған жоспарларды ескере отырып, құрметті және аза тұтатын көпшілікке шәһид имам мен оның отбасы мүшелері, шәһидтер Мисбах-ул-Хада Бақерикани, Сейеда Бошра Хұсейни Хаменеи, Заһра Хаддад Адель және Заһра Мұхаммади Голпайганимен қоштасу  және жерлеу рәсімдері келесідей өткізілетінін хабарлаймыз:

4-6 шілде күндері, мухаррам айының 19-21 күндері Тегерандағы Имам Хомейни атындағы кешенде қоштасу рәсімі өтеді.  

7 шілде, сейсенбі күні, мухаррам айының 22 күні: қасиетті Құм қаласында қоштасу рәсімі өтеді. 9 шілде, бейсенбі күні, мухаррам айының 24 күні және Имам Саджадтың (ғ.с.) шәһид болған түні қасиетті Мешхед қаласында имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде жерлеу рәсімі өтеді. Иранның барлық асыл және құрметті халқы, әлемнің азат халқы, ислам мектебін сүйетіндер және Иранға қызығушылық танытқандар осы керемет рәсімге қатысып, шәһид болған көсеммен қоштасуға шақырылады.