Пезешкиан: Біз соғыстан қорықпаймыз, бірақ соғыс ешкімнің мүддесіне сай емес
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84720-Пезешкиан_Біз_соғыстан_қорықпаймыз_бірақ_соғыс_ешкімнің_мүддесіне_сай_емес
ParsToday - Иран Ислам Республикасының президенті былай деп баса айтты: «Біз соғыстан қорықпаймыз, бірақ соғыс ешкімнің мүддесіне сай емес».
(last modified 2026-06-21T11:57:23+00:00 )
Маусым 21, 2026 16:14 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Біз соғыстан қорықпаймыз, бірақ соғыс ешкімнің мүддесіне сай емес

ParsToday - Иран Ислам Республикасының президенті былай деп баса айтты: «Біз соғыстан қорықпаймыз, бірақ соғыс ешкімнің мүддесіне сай емес».

ParsToday IRNA-ға сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан жексенбі күні Тегеранда өткен 33-ші Ақша-несие және банк саясаты конференциясында: «Соғыс ешкімнің мүддесіне сай емес және оның жалғасуы ешбір топқа пайда әкелмейді. Халықаралық зерттеулер де соғыстың экономикалық өсу мен дамуға кедергі келтіретіні және кедейлікті тарататыны туралы маңызды фактіні мойындайды. Бұл біздің соғыстан қорқатынымызды білдірмейді. Иран қарулы күштері мен Иран халқы өздерінің мықты екенін және соғыс жалғаса берсе, күш-қуатын сақтайтынын көрсетті», - деді.

Пезешкиан Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы түсіністік туралы баптардың негізінен Иран халқының мүддесіне сай келетінін мәлімдеп, былай деп қосты: «Америка Құрама Штаттары бізде атом бомбасының болмауын көздейді. Бұл мәселені Ислам революциясының шәһид көсемі де баса айтқан және біз оны сан рет мәлімдедік».