Генерал Қаанидің сионистік басқыншыларға ескертуі: Ливанның оңтүстігінен қуыласыңдар
ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы сионистік басқыншыларға егер олар Оңтүстік Ливаннан өз аяқтарымен кетпесе, қорлық пен жеңіліске ұшырап қуылатынын ескертті.
ParsToday IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы, бригада генералы Исмаил Қаани жексенбі күні кешке әлеуметтік желілердің біріндегі жеке парақшасында: «Сионистік агрессорлар мен террористер, сендер 4 күннен аз уақыт ішінде 100 адамның қазасына себеп болдыңдар!!! Егер сендер Оңтүстік Ливаннан өз аяқтарыңмен кетпесеңдер, 2000 жылдың эпопеясы тағы да қайталанады; сендер бұл жерден ұятқа қалып қашқан сол жыл», - деп жазды.
Қаани былай деп қосты: «Бүгін, егер басқыншылықты талап етсеңдер, қорлық пен жеңіліспен қуыласыңдар».
Генерал Қаанидің хабары парсы тілінен басқа, ағылшын, араб және иврит тілдерінде де жарияланды.