Иран шәһидімен қоштасу
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84870-Иран_шәһидімен_қоштасу
ParsToday – Ислам революциясының шәһид көсемімен қоштасу рәсімі Тегерандағы Имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде және айналасындағы көшелерде миллиондаған аза тұтушылардың қатысуымен басталды.
(last modified 2026-07-04T08:14:10+00:00 )
Шіл 04, 2026 13:12 Asia/Almaty
  • Иран шәһидімен қоштасу

ParsToday – Ислам революциясының шәһид көсемімен қоштасу рәсімі Тегерандағы Имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде және айналасындағы көшелерде миллиондаған аза тұтушылардың қатысуымен басталды.

ParsToday   IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, шәһид күрескер аятолла Сейед Әли Хаменеи және оның отбасымен қоштасу рәсімі бүгін таңертең, сенбі, 4 шілде Тегерандағы Имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде аза тұтушылардың қатысуымен басталды.

Шәһид имам аятолла Хаменеимен қоштасу және жерлеу штабының хабарлауынша, қоштасу, жаназа намазы және жерлеу рәсімдері 4 шілде, сенбі және 5 шілде, жексенбі күндері, яғни мухаррам айының 19 және 20 күндеріне Тегеранда қоштасу рәсімі, содан кейін 6 шілде, дүйсенбіде Тегеранда және 7 шілде, сейсенбіде Құмда жерлеу рәсімі, соңында 9 шілде, бейсенбіде, мухаррам айының 24 Имам Реза (ғ.с.) кесенесінде  Мешхедте жерлеу рәсімі жоспарланған.

Сонымен қатар, революцияның шәһид көсемімен қоштасу рәсімі сәрсенбі, 8 шілде Наджаф және Кербала қалаларында өтеді деп жоспарлануда.

Кеше (жұма, 3 шілде) Тегеранда әлемнің әртүрлі елдерінен келген діндер мен ағымдардың көшбасшылары, лауазымды тұлғалары және қайраткерлері  үшін қоштасу рәсімі өтті.