Жоғарғы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы: Ирандықтар қауіп-қатер тілін қабылдамайды
ParsToday - Золқадр АҚШ президентінің Иран халқына төнген қауіп-қатеріне реакция білдіріп, былай деді: «Ирандықтар қауіп-қатер тілін қабылдамайды, сондықтан Иран халқымен құрметпен сөйлесіңдер».
ParsToday хабарлауынша, Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мұхаммад Бақер Золқадр АҚШ президентінің Иран халқына қарсы қоқан-лоққысына реакция білдіріп былай деді: «Бүгін 91 миллион ирандыққа қауіп төндірген сандырақ АҚШ президентіне айтарым, бұдан бұрын 250 жылдық тарихы бар тамырсыз елдің басшысы ретінде сіз Иранның мыңдаған жылдық өркениетінің жойылуы туралы осыған ұқсас тілде айтқансыз, бірақ нәтижесі сіз үшін жеңіліс, үмітсіздік және келіссөздер мен атысты тоқтату туралы өтініштен басқа ештеңе болған жоқ». Ол ирандықтардың қоқан-лоққы тілін қабылдамайтынына тоқталып: «Сондықтан Иран халқымен құрметпен сөйлесіңдер; әйтпесе басқаша жауап аласыңдар»,- деп қосты.