Иран Парламентінің спикері: Американың қорқыту дәуірі аяқталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84934-Иран_Парламентінің_спикері_Американың_қорқыту_дәуірі_аяқталды
ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ-тың өзара түсіністік туралы меморандумды бұзуына жауап ретінде: «Қорқыту мен бопсалау дәуірі аяқталды; бұл жол ешқайда жеткізбейді», - деді.
(last modified 2026-07-08T09:27:34+00:00 )
Шіл 08, 2026 13:26 Asia/Almaty
  • Иран Парламентінің спикері: Американың қорқыту дәуірі аяқталды

ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ-тың өзара түсіністік туралы меморандумды бұзуына жауап ретінде: «Қорқыту мен бопсалау дәуірі аяқталды; бұл жол ешқайда жеткізбейді», - деді.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің спикері Мұхаммад Бақер Қалибаф сәрсенбі күні таңертең әлеуметтік желідегі жеке парақшасында АҚШ-тың өзара түсіністік меморандумын бұзу фактілерін тізіп жазды:

 

«14 тармақтан тұратын өзара түсіністік меморандумының Америка Құрама Штаттарының бұзған негізгі баптары:

1 - Ормуз бұғазындағы Иран ережелерін бұзу

2- Әскери шабуылдарды  арттыру туралы үнемі қорқытуы

3- Иранның оңтүстік аймақтарына шабуыл

4- Мұнай санкцияларын қалпына келтіру

5- Сионистік режимнің Ливанға қарсы агрессиясының жалғасуы

 

Қорқыту мен бопсалау дәуірі аяқталды, бұл жол ешқайда жеткізбейді, біз шегінетін немесе бас тартатындардан емеспіз».