Ислам революциясының шәһид көсемі имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде жерленді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84962-Ислам_революциясының_шәһид_көсемі_имам_Резаның_(ғ.с.)_қасиетті_кесенесінде_жерленді
ParsToday - Ислам революциясының шәһид көсемі және оның шәһид отбасының мүшелері қоштасу рәсімі мен жаназа намаздан кейін қасиетті мазардың жанындағы Дар әз-Зикр залында жерленді.
(last modified 2026-07-11T08:39:24+00:00 )
Шіл 10, 2026 19:14 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының шәһид көсемі имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде жерленді

ParsToday - Ислам революциясының шәһид көсемі және оның шәһид отбасының мүшелері қоштасу рәсімі мен жаназа намаздан кейін қасиетті мазардың жанындағы Дар әз-Зикр залында жерленді.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, революцияның шәһид көсемі, Ұлы аятолла Сейед Әли Хұсейни Хаменеи қоштасу рәсімі мен жаназа намаздан кейін  Дар-әз-Зикрдің кіреберісінде және Қасиетті кесененің жанында нұрлы имам Әли ибн Мұса әл-Реза (ғ.с.) жанында жерленді.

Қум облысының Исламдық үгіт-насихат үйлестіру кеңесі былай деп хабарлады: «Ұлттың шәһид көсемін еске алу рәсімі  Ислам революциясының жетекшісі аятолла Сейед Моджтаба Хаменеидің тарапынан 10 шілде, жұма күні, ақшам және құптан намаздарынан кейін хазірет Фатима Масуменің қасиетті кесенесінің имам Хомейни атындағы залында өтеді.