АҚШ-тың C-17 көлік ұшақтары Сақшылар корпусының баллистикалық зымыранымен нысанаға алынды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85104-АҚШ_тың_c_17_көлік_ұшақтары_Сақшылар_корпусының_баллистикалық_зымыранымен_нысанаға_алынды
ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусы мәлімдемесінде: «Иорданиядағы «Акаба» әуежайында басып кірген АҚШ армиясының ірі C-17 көлік ұшақтары баллистикалық зымыранмен нысанаға алынды»,- деп хабарлады.
(last modified 2026-07-21T11:45:07+00:00 )
Шіл 20, 2026 17:34 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың C-17 көлік ұшақтары Сақшылар корпусының баллистикалық зымыранымен нысанаға алынды

ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусы мәлімдемесінде: «Иорданиядағы «Акаба» әуежайында басып кірген АҚШ армиясының ірі C-17 көлік ұшақтары баллистикалық зымыранмен нысанаға алынды»,- деп хабарлады.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс кеңсесі мәлімдеме жасап, онда былай деді: «Наср 2 операциясының 21-ші толқынында Сакшылары корпусының аэроғарыш күштерінің жойғыштары Иорданиядағы «Акаба» әуежайындағы АҚШ басқыншы армиясының ірі C-17 көлік ұшақтары мен P-8 басқару ұшақтарын баллистикалық зымырандармен нысанаға алып, олардың бірқатарына ауыр зиян келтірді».

Ислам революциясы Сақшылар корпусы сонымен қатар Исламабадтың батысындағы (Иранның батысындағы) аспанда жаудың MQ-9 дроны жойылғанын хабарлады.

Жексенбі күні кешке Иранның батыс аймағында да басып кірген MQ-9 дроны жойылды.