Maм 30, 2016 20:35 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иранның саясаты - шиіт пен сүнниттің бірлігі

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы шиіт пен сүннит арасындағы бірлікті нығайтуды Иран Ислам Республикасының маңызды саясаттарына жатады деп атады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти бүгін дүйсенбі күні Теһранда Индонезияның бір топ сүннит тұлғалары мен ғұламаларын қабылдауында Иранның саясаты шиіт пен сүнниттің бірлігі екендігін баса айтып: «Иран мұсылмандар бірлігі үшін кез-келген әрекетті қолдайды» деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы тәкфирліктердің мұсылман елдерінде болуына сілтеме жасап: «Осы лаңкестік топтарды күшейту шын мәнінде мұсылмандар арасына іріткі салуға талпыну болып табылады. Бұл үстемшілдердің пайдасына шешіледі» деді.

Велаяти Индонезиядағы шиіттерге қарсы жуықтағы әрекеттер жөнінде: «Осы елдің халқы қырағылықпен іріткі салуды жеңді. Бүгінде Индонезияда тәкфирліктердің бүлік шығаруы азайып барады» деді.

Тегтер