Пезешкиан: Біз келіссөздер процесіндегі Палестина көшбасшыларының әрбір шешімін қолдаймыз
ParsToday - ХАМАС саяси бюросының басшысымен телефон арқылы сөйлескен Иран президенті Халил әл-Хайяның палестиналық топтар арасында үйлестіруді орнатудағы рөлі мен басшылығын жоғары бағалап, былай деді: «Иран Ислам Республикасы Палестина көшбасшыларының келіссөздер процесінде қабылдайтын кез келген шарасын, бастамасын және шешімін қолдайды».
ParsToday IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ИИР президенті Масуд Пезешкиан Палестина Ислам Қарсыласу Қозғалысының (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы Халил әл-Хайямен телефон арқылы сөйлескен кезде Палестина халқының сионистік режимнің қылмыстарына қарсы шыдамдылығына, табандылығына және қарсылығына жоғары баға беріп, Иранның ұлты мен лауазымды тұлғаларының жүрегі мен жаны әрқашан Палестина халқымен бірге екенін және ИИР-ның Палестина халқын мүмкіндігінше қолдап, көмектесетінін атап өтті.
Пезешкиан сонымен қатар Халил әл-Хайяның палестиналық топтар арасында үйлестіруді орнатудағы рөлі мен басшылығын жоғары бағалап, былай деді: «ИИР Палестина көшбасшыларының келіссөздер процесінде қабылдайтын әрбір шарасын, бастамасын және шешімін қолдайды».
Сионистік режим мен АҚШ-тың Иранның аумағына қарсы соңғы агрессияларына және аймақтағы жағдайларға тоқтала отырып, ол былай деп мәлімдеді: «Осы мәселелерге қарамастан, Палестина мәселесі ИИР-ның сыртқы саясатындағы орталық орнын сақтап қалды және Иранның шенеуніктерінің, саясаткерлерінің және басшысының назарынан тыс қалған жоқ, және ол әлі күнге дейін ислам әлемінің бірінші мәселесі болып саналады».
Иран президенті сондай-ақ ислам халқының мүдделерін қорғау үшін ислам елдері арасындағы бірлікті, келісімді және жақындасуды нығайтуға шақырды.