Рухани Батыс Әзірбайжан облысының халқы алдында баяндама жасады
(last modified Mon, 30 May 2016 14:59:37 GMT )
Maм 30, 2016 20:59 Asia/Almaty
  • Рухани Батыс Әзірбайжан облысының халқы алдында баяндама жасады

ИИР президенті: "Бүгінде Иран ислам республикасы сионизм және үстемшілдердің Иран халқына қарсы жобалаған астыртын әрекеттерінен өтті" деді.

Иран президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Орумияда Батыс Әзірбайжан облысының халқы алдында сөз сөйлеп: «Әзірбайжан аймағы, әсіресе Батыс Әзірбайжан әрдайым шиіт пен сүнниттің және түрлі ұлттардың бейбіт қатар өмір сүруінің символы болған» деп баса айтты.

Рухани барлық ирандық халықтардың бірлігін сақтаудың қажеттілігін қуаттай келе: «Иран ислам республикасы ислам елінде ұлттарды бөліп қарауға рұқсат етпейді, өйткені олардың барлығы «Иран» атты алып ағаштың бұтақтары» деді.

Иран президенті аймақтағы қазіргі бейберекеттіктер мен әсірешілдікке тоқталып: «Ирандағы қазіргі қауіпсіздік пен тұрақтылық әскери және қоғамдық тәртіп күштерінің күні-түні еңбек етуі мен ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің парасаттылығының арқасында орнатылған» деді.

Рухани әлем елдерінің түрлі компанияларының қаржы салу үшін Иранда болуына тоқталып: «Алғашқы қадамдарда мұнай мен газ өнімдерінен Иранның үлесін алған елдер санкцияға дейінгі жағдайға қарай әрекет етуде» деді.

Тегтер