Ислам революциясының жетекшісі алты жоғары лауазымды әскери қолбасшыны тағайындады
ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі жеке жарлықтарымен Қарулы Күштердің Бас штабын, Ислам революциясы Сақшылар корпусы және Басидждер күштерінің алты жоғары лауазымды қолбасшысын тағайындады.
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Жоғарғы Бас қолбасшы аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи Иран Қарулы Күштерінің алты жоғары лауазымды қолбасшысын тағайындайтын бөлек жарлықтар шығарды.
Осы жарлықтар негізінде Сақшылар корпусы ұшқышы генерал-майор Әли Абдоллахи Қарулы Күштер штабының бастығы, ал бригада генералы Киомарс Хайдари Иран Қарулы Күштері штабының бастығының орынбасары болып тағайындалды.
Сондай-ақ, бригада генералы Ахмад Вахидиге генерал-майор шені беріліп, Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы болды, ал генерал-майор Мұстафа Изади корпустың бас қолбасшысының орынбасары міндетін атқару жауапкершілігін өз мойнына алды.
Осы жарлықтардан кейін Ислам революциясы Сакшылар корпусының Әскери-теңіз күштерін басқару міндеті контр-адмирал Әли Озамайға, ал Басидж ұйымын басқару Хұсейн Таибке жүктелді.