Бақаи: Біз соғыстың агрессордың шарттарына сай аяқталуына жол бермейміз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85268-Бақаи_Біз_соғыстың_агрессордың_шарттарына_сай_аяқталуына_жол_бермейміз
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі былай деді: «Біз соғысты бастамадық, бірақ соғыстың агрессордың шарттарына сай аяқталуына жол бермейміз».
(last modified 2026-08-24T14:53:54+00:00 )
Там 24, 2026 19:45 Asia/Almaty
  • Бақаи: Біз соғыстың агрессордың шарттарына сай аяқталуына жол бермейміз

ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі былай деді: «Біз соғысты бастамадық, бірақ соғыстың агрессордың шарттарына сай аяқталуына жол бермейміз».

«Мехр» - Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бақаи дүйсенбіде күнгі баспасөз мәслихатында былай деп мәлімдеді: «Біз агрессорларға қатысты ешқандай жеңілдік жасамаймыз. Иран соғысты бастамады, бірақ өзінің аумақтық егемендігін қорғады. Біз соғысты бастамадық, бірақ соғыстың агрессордың шарттарына сай аяқталуына жол бермейміз».

Америкалық шенеуніктердің Ормуз бұғазының ашықтығы туралы мәлімдемелеріне қатысты Бақай былай деді: «Мұны ақылды адамдар біледі. Бұл қарсылас тараптар бастаған психологиялық және БАҚ соғысының бір бөлігі, және жағдай олардың айтқанындай емес». Асим Мунирдің Тегеранға сапарына сілтеме жасай отырып, ол былай деп баса айтты: «Иран мен Пәкістан арасындағы екіжақты қарым-қатынас ең жақсы кезеңдердің бірін бастан кешіруде және екі тарап та бұл қарым-қатынастарды барлық салаларда кеңейтуге бел буған».