Ареф: Біз батыр Йемен халқының жеңістеріне қуаныштымыз
Қыр 12, 2026 11:59 Asia/Almaty
ParsToday - Иранның бірінші вице-президенті өзінің жеке парақшасында: "Біз Йеменнің батыр халқының жеңістеріне қуаныштымыз",- деп жазды.
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның бірінші вице-президенті Мұхаммад Реза Ареф жұма күні кешке әлеуметтік желідегі жеке парақшасында: «Біздің аймақ билеушілеріне бұрынғыдай жолдауымыз - ақылға, тәуелділіктен арылуға және ислам туының айналасында бірлікке шақыру», - деп қосты.
Ареф былай деп атап өтті: "Көршілік мәселелері мен аймақтық бірлікті құрметтей отырып, қуатты ислам экономикалық және саяси блогын құру ислам ұлтының мүдделеріне кепілдік береді".
Тегтер