Генерал Шекарчи: Иранның қарулы күштері Ормуз бұғазында бастаманы өз қолында ұстап отыр
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85392-Генерал_Шекарчи_Иранның_қарулы_күштері_Ормуз_бұғазында_бастаманы_өз_қолында_ұстап_отыр
ParsToday – Иран Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы CENTCOM қолбасшысының жалған мәлімдемесі АҚШ әскерлерінің рухын көтеруге бағытталған психологиялық операция екенін айтып, Ормуз бұғазындағы бастама әлі де Иранның қуатты Қарулы Күштерінің қолында екенін мәлімдеді.
(last modified 2026-09-20T11:50:47+00:00 )
Қыр 20, 2026 12:05 Asia/Almaty
  • Генерал Шекарчи: Иранның қарулы күштері Ормуз бұғазында бастаманы өз қолында ұстап отыр

ParsToday – Иран Қарулы күштерінің баспасөз хатшысы CENTCOM қолбасшысының жалған мәлімдемесі АҚШ әскерлерінің рухын көтеруге бағытталған психологиялық операция екенін айтып, Ормуз бұғазындағы бастама әлі де Иранның қуатты Қарулы Күштерінің қолында екенін мәлімдеді.

ParsToday Mehr агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Қарулы күштерінің ресми өкілі, бригада генералы Аболфазл Шекарчи өз хабарламасында былай деп жазды: «CENTCOM қолбасшысының назарды басқа жаққа бұру әрекеті, сондай-ақ мұнай танкерлерін сүйемелдеу және соңғы екі айда бір миллиард баррель мұнай экспорттау туралы жалған әрі қисынсыз мәлімдемелері шындықты көрсетпейді; керісінше, бұл – аймақтағы АҚШ-тың лаңкестік әскери күштерінің қажыған және әлсіреген рухын көтеруге, сондай-ақ сол жердегі орасан зор қаржылық және адам шығынын ақтауға бағытталған сәтсіз психологиялық операция болып табылады. Бұл сол елдің агрессор армиясының аймақтан шығарылуының шындығын өзгерте алмайды».

Ол Ормуз бұғазындағы бастама Иранның қуатты қарулы күштерінің қолында екенін атап өтті.