Қалибаф: Сыртқы көрінісіне қарамастан, Америка осал әрі қауіпті жағдайда
ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы былай деп мәлімдеді: «Америка империясы сырттай қарағанда үстемдік пен басымдық танытқанымен, шын мәнінде ол толығымен осал және қауіпті жағдайда тұр».
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасай хабарлауынша, JPMorgan банк холдингі мұнай нарығына қатысты апталық болжамын күтпеген мәлімдемемен бастады: «Иранмен қақтығыс басталғалы бері алғаш рет бізде негізгі болжам (немесе базалық сценарий) жоқ. Біз бұл жағдайды қалай модельдеуді және болжауды шынымен білмейміз».
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф Ірі қаржы нарығының талдаушыларының бұл бұрын-соңды болмаған ұстанымына реакіия білдіріп, Х парақшасында: «Бұл жағдай дәл Шрёдингер парадоксын еске салады: Америка империясы – Шрёдингердің құлап бара жатқан табақшаларға толы шкафы іспетті; сырттай қарағанда ол өзінің гегемониясы мен үстемдігін паш еткенімен, шын мәнінде, ешқандай салдарға немесе шығынға ұшырамай тұрып Иранды тұншықтыруға тырысу арқылы (ал бұл – мүмкін емес нәрсе) өте осал әрі қауіпті жағдайда қалып отыр».
Ол сондай-ақ былай деп жазды: «Бұл соңғы ойынды кез келген модельде болжау немесе модельдеу мүмкін емес. Бұл кабинеттің есігі ақыры ашылады, ал Иранның қолы есіктің тұтқасында және қазір жағдайды бақылауда».
Бұл твитте Қалибаф Шредингердің табақшалары туралы әйгілі интернет мемін пайдаланды. Табалар сау болып көрінетін, бірақ кез келген сәтте сынуға жақын тұрған сурет! Американың аймақтағы осал және нәзік жағдайын көрсететін сурет!