Генерал-майор Абдуллахи: Жаңа соғыс баршаны шарпиды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85452-Генерал_майор_Абдуллахи_Жаңа_соғыс_баршаны_шарпиды
ParsToday - Иран Ислам Республикасы Қарулы күштері Бас штабының әрі «Хатам әл-Анбия» (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы былай деп ескертті: «Егер Иранға қарсы жаңа соғыс басталса, оның оты бәрін шарпып кетеді».
(last modified 2026-10-05T14:18:16+00:00 )
Қаз 05, 2026 17:52 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Абдуллахи: Жаңа соғыс баршаны шарпиды

ParsToday - Иран Ислам Республикасы Қарулы күштері Бас штабының әрі «Хатам әл-Анбия» (с.ғ.с.) орталық штабының қолбасшысы былай деп ескертті: «Егер Иранға қарсы жаңа соғыс басталса, оның оты бәрін шарпып кетеді».

 

Генерал-майор ұшқыш Али Абдуллахи Иран Ислам Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы әрі «Хатам әл-Анбия» орталық штабының қолбасшысы, АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы жүргізген соғыстарының сәтсіздікпен аяқталғанын мәлімдеп: «АҚШ-тың арам пиғылды президенті мен қылмыскер сионистік топтың жетекшісі әртүрлі салалардағы өткір дағдарыстарға тап болып отыр және Иранның ядролық қаруға ұмтылуы туралы "үлкен өтірікті" желеу етіп, елге қарсы тағы жаңа соғыс тұтандыруға әрекет жасауда», деді.

 

Генерал-майор Абдуллахи өз пікірін түсіндіре отырып, былай деп баса айтты:

 

1- Иран халқы мыңдаған жылдық өркениет тарихымен зұлымдыққа қарсы күресуші және әділеттілік іздеуші болып келді және ешбір залымның алдында бас имеді.

 

2- Сионистік режим есептеу қателігінің салдарынан Иранға қарсы 12 күндік соғыс пен Рамазан соғысын бастады, бірақ Иран Қарулы Күштерінің қуатты соққыларынан кейін соғысты тоқтатуды сұрады. Бұл режим қазір де, кейін де қуатты Иранмен бетпе-бет келуге қауқарсыз.

 

3- Американың өзіне ғашық президенті білсін: Иран Америка Конгресі сайлауының нәтижелерін күтіп отырған жоқ және Иранға қарсы кез келген әрекет жасалған жағдайда, Қарулы Күштер дереу Американың мүдделерін ешқандай шектеусіз нысанаға алады.

 

4- Аймақтағы Американы қабылдаушы елдер білсін: негізгі тұрақсыздық факторы — Американың террористік армиясының болуы, және егер жаңа соғыс басталса, оның оты бәрін шарпып кетеді.

 

5- Халықаралық ұйымдарға, әсіресе Атом Қуаты Халықаралық Агенттікке ескертеміз: қасқырдың қой терісін жамылған рөлін ойнаудан бас тартсын.

Ол соңында былай деп мәлімдеді: «Исламдық Иран кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруға толықтай дайын — бұрынғыдан да қуатты — және ол Құдайдың жәрдеміне арқа сүйейді».