Никзад: АҚШ-тағы жанармай бағасы Иранның Ормуз бұғазына үстемдік ететінін көрсетеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85456-Никзад_АҚШ_тағы_жанармай_бағасы_Иранның_Ормуз_бұғазына_үстемдік_ететінін_көрсетеді
ParsToday – Иран Парламенті төрағасының орынбасары былай деді: «Ормуз бұғазының ашылуы немесе жабылуы бос твитпен емес, АҚШ-тағы жанармай бағасының көрсетілуімен анықталады», - деді.
(last modified 2026-10-06T13:13:25+00:00 )
Қаз 06, 2026 14:51 Asia/Almaty
  • Никзад: АҚШ-тағы жанармай бағасы Иранның Ормуз бұғазына үстемдік ететінін көрсетеді

ParsToday – Иран Парламенті төрағасының орынбасары былай деді: «Ормуз бұғазының ашылуы немесе жабылуы бос твитпен емес, АҚШ-тағы жанармай бағасының көрсетілуімен анықталады», - деді.

Иран Парламенті төрағасының орынбасары Али Никзад Самарин АҚШ-тың қиялшыл президентінің негізсіз әрі дәрменсіз мәлімдемелеріне қатысты былай деді: «Ұлы Иран халқының темірдей еркі мен мызғымас сенімінен ащы жеңіліс дәмін татқан "супердержаваның" бұл қорлаушы сәтсіздікті мойындаудан жалтару үшін БАҚ-тағы айла-шарғыларға, қоқан-лоққылар мен бос сөздерге жүгінуі – табиға құбылыс. Алайда шындықты сөз саптау емес, майдан даласы айқындайды».

Ол былай деп қосты: «Сіздер Иракты АҚШ-тың 51-штатына айналдыруды көздедіңіздер, алайда 10 000 адамнан айырылып, 31 000 адамды жаралы еткеннен кейін, қуатты Ирактан қорлық пен масқара күйде кетуге мәжбүр болдыңыздар. Ормуз бұғазының ашық немесе жабық болуын бос твиттер емес, АҚШ-тағы жанармай бағасының көрсеткіштері айқындайды. Иран халқы тәуелсіз өмір сүруді осыдан біраз уақыт бұрын шешкен және сол шешімінен табандылықпен айнымай келеді. Бұл шындықты қабылдап, Иран халқының еркіне бас ию – сіздердің өз мүдделеріңізге сай келетін қадам».

Никзад:  «АҚШ-тың президентінің қоқан-лоққылары тек ішкі аудиторияға, яғни Америкадағы сайлау процесіне ықпал етуге бағытталғанын және нақты майдан даласында ешқандай мәні жоқ; соған қарамастан, Иран Ислам Республикасы кез келген жаңа авантюралық әрекетке әлдеқайда қатаң, талқандаушы және ауыр жауап қайтаруға дайын. Сүйікті Ислам Иранының адал қорғаушылары — қуатты қарулы күштер мен жанқияр халық — басқыншы жауларды тарихи сабақ болатындай етіп жазалауға әзір».