Ормуз бұғазында супертанкер жарылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85520-Ормуз_бұғазында_супертанкер_жарылды
ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері сенбі күні таңертең жарияланған мәлімдемеде Ормуз бұғазында супертанкердің теңіз минасына соғылып, салдарынан қуатты жарылыс болғанын хабарлады.
(last modified 2026-10-17T11:46:00+00:00 )
Қаз 17, 2026 12:23 Asia/Almaty
  • Ормуз бұғазында супертанкер жарылды

ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері сенбі күні таңертең жарияланған мәлімдемеде Ормуз бұғазында супертанкердің теңіз минасына соғылып, салдарынан қуатты жарылыс болғанын хабарлады.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Ислам революциясы Сақшылар корпусы (ИРСК) Әскери-теңіз күштерінің мәлімдемесінде былай делінген:

Ормуз бұғазынан рұқсат етілмеген бағытпен өтпек болған 2 миллион баррельден астам шикі мұнайы бар супертанкер минаға соғылып, салдарынан жарылыс болып, қатты өрт шықты.

Бұл мұнай танкері барлық позициялау және радар жүйелерін өшіріп, алдау-арбау әдісін қолдана отырып, американдық контрабандист және террористік армияның алдауы мен қолдауымен Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекет жасады.

ИРСК Әскери-теңіз күштері: «Ормуз бұғазы жабық. Бұғазда Иран ережелерін бұзған кемелерді от жалынына оранып, жойылу күтіп тұр — бұл олардың «террорист» АҚШ әскеріне орынсыз сенім артқанының салдары болмақ», -деп мәлімдеді.