Иранның БҰҰ-дағы елшісі алпауыт елдердің біржақты саясаттарын сынады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i871-Иранның_БҰҰ_дағы_елшісі_алпауыт_елдердің_біржақты_саясаттарын_сынады
Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі: «Алпауыт елдер біржақты қарап, өз дегенін істеу арқылы даму үстіндегі елдердің құқықтарына қол сұғады»,-деді.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Ақп 16, 2016 14:43 Asia/Almaty
  • Иранның БҰҰ-дағы елшісі алпауыт елдердің біржақты саясаттарын сынады

Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі: «Алпауыт елдер біржақты қарап, өз дегенін істеу арқылы даму үстіндегі елдердің құқықтарына қол сұғады»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Нью-Йорктан хабарлауы бойынша, Қауіпсіздік кеңесінде Қосылмау қозғалысына мүше елдер тарапынан сөз сөйлеген Ғоламали Хушру БҰҰ-ның 70 жылдығын бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың жалғыз жолы ретіндегі осы ұйымның жарғысын қорғауға берілген мүмкіндік деп атап: «Дамыған елдердің даму үстіндегі мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік құқықтарына немқұрайды қарауы әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндірді»,-деп, алпауыт елдердің біржақты қарап, өз дегенін істеуін даму үстіндегі елдердің құқықтарына қол сұғу деп сипаттады.

Хошру сөзінің жалғасында: «Қосылмау қозғалысына мүше кейбір елдердің азаттығы мен тәуелсіздігін шектеу үшін ұлттарға қарсы біржақты дұшпандық экономикалық шараларды қолдануға болмайды»,-деді.