Иран СІМ ақпарат хатшысының ақпарат отырысы
(last modified Mon, 06 Jun 2016 21:25:22 GMT )
Маусым 07, 2016 03:25 Asia/Almaty
  • Иран СІМ ақпарат хатшысының ақпарат отырысы

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Американың Иран ислам республикасын лаңкестік топтарға қолдау көрсетуші елдер тізіміне енгізу негізіндегі есебін жарамсыз деп атады.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари өзінің апта сайынғы ақпарат отырысында: «Американың Иранға қарсы есебін Теһран жарамсыз деп санайды. Оны жыл сайын қайталанып ұсынылатын идеологиялық нұсқау ретінде қабылдауға болады. Осы есепте америкалықтар даусыз шындықтарды басшылыққа алмаған, өйткені Иран ислам республикасының өзі әлемде лаңкестік құрбандарының бірі болып табылады және осы негізде елдің 17 мың азаматы құрбан болған. Иран қазіргі кезде лаңкестікпен әрі тәкфирлік топтармен күрестің көшбасшысы болып табылады. Аймақ пен әлемде осы мәселенінің шешілуіне мүдделі» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ батыстық тараптың «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындау негізіндегі уәдеге тұрмауы мен Иранның бұған қатысты ұстамдылығы туралы: «Теһранның саясаты «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасында әріптестік жасауда сыртқы саясатының жалпы принциптері бойынша Иранның мүддесін қадағалау болып табылады» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ Сауд Арабиясының Иран мен сардар Ғасем Солейманиге қарсы айыптаулары мен шиіттерді өлтіруді ақтау мақсатында Фаллуджеде сүнниттерге геноцид жасау сценарийінің әшкереленуі туралы: «Сауд Арабиясы лаңкестікті құрал ретінде пайдалануды көп жылдан бері өзінің күн тәртібіне қойып отыр. Бүгінде көптеген идеологиялық және ақпарат орталықтары аймақ пен әлем қиыншылықтарының басты бөлімі Сауд Арабиясының лаңкестікті құрал ретінде пайдаланудағы қате саясатынан туындап отыр деген шындыққа көзі жетіп отыр» деді.