Зангане: Иран мұнай нарығынан өз үлесін қайтарып алды
Иранның Мұнай министрі: "ИИР арзан бағаға сатпай- ақ, мұнай нарығынан өз үлесін қайтарып алды" деді.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане британдық «Platts» ақпарат торабына берген сұхбатында: «Кейбір аймақтық бақталастар арзан сату арқылы Иранның әлемдік мұнай нарығына қайтадан оралуына кедергі жасауға тырысты, алайда Теһран бағаны күрт төмендетпестен әлемдік нарықтан өзінің бір млн. баррелдік үлесін қайтарып алды» деп қуаттады.
Зангане Иранның күніне 3 млн 820 мың баррель мұнай өндіретін қазіргі мүмкіндігіне сілтеме жасап, биылғы жылдың соңына дейін Иранның мұнай өндірісі күніне 4 млн. баррелге жетеді деген болжам айтып:
«Иран мұнайының негізгі нарығын Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Еуропа және Түркия құрайды, бірақ Иран Еуропа мен Африка нарықтарына да назар аударып отыр.
Квота жүйесін алып тастау ОПЕК- тің ең үлкен тарихи қателігі болды. Осы ұйым мүшелерінің квота жүйесіне оралу консенсусы үшін уақыт керек. ОПЕК мүшелері нарықтың теңселмеуі үшін өзінің өндіріс деңгейіне қатысты абай болуы керек» деді.