Маусым 13, 2016 08:13 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран халқының құқығын қорғау жалғасуда

Иран Сыртқы істер министрі «Алтылық» елдерімен Иранның ядролық келіссөзі нәтижеге жеткен кезден бері Иран ислам республикасының құқығын қорғау ісінің жалғасып келе жатқанын мәлімдеді.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф ислам кеңесі мәжілісінің жексенбі күнгі ашық отырысында ««Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының орындалуы мен қазіргі ахуал, түйткілдер және ұсыныстар» айдарымен шетелдік инвестиция салу істері және қарсыласу экономикасы үдерісінен есеп ұсынып: «Халықтың сенімі, қолдауы және қарсыласуы бойынша сынықтан сылтау іздеудің соңында жүрген кісілер алдында Иран халқының құқығын қорғауға талпыныс жасау керек.

Егер Иран халқының сахнада болуы мен қарсыласуы болмағанда, әрдайым Иран ислам республикасы мен ислам революциясын өз мақсаттарына жету жолында кедергі деп санаушы халықаралық тараптар ислам республикасына өз көзқарастарын таңу үшін қысым жасау мен санкция салудан бас тартпас еді.

Бірақ бұл әрдайым Иран ислам республикасын өз мақсаттарына жету жолында кедергі санайтын тараптардың қарсылығы, дұшпандығы және өшпенділігі тамамдалып, кедергі келтіруді шетке ығыстырды немесе Иранмен бірге болып, ынтымақтастық жасап, осы бағытта Иранмен келіссөз жүргізуді қалап отыр дегенді білдірмейді» деді.

Тегтер