Джабери Ансари: Америкалық тұтқындармен алмасу сол елдің үкіметінің өтінішімен орындалды
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы америкалық тұтқындармен алмасу туралы келіссөздердің сол елдің үкіметінің сұрауы және Иран үкіметінің қабылдауымен орындалғанын айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари теледидар бағдарламаларының бірінде таяудағы америкалық тұтқындармен алмасуға қатысты кейбір уәждерге қатысты: «Тұтқындарды айырбастау келіссөздері АҚШ үкіметінің сұрауы және ИИР үкіметінің адамгершілікпен оны қабылдауы, содан соң елдің жоғары деңгейлі басшыларымен келісімге келу арқылы орын алды. Ислам революциясының жеңісіне дейінгі қару импортына қатысты банктік есептің сомасын алуға жеткізген келіссөздердің Иран мен АҚШ тұтқындарын айырбастау жөніндегі келіссөздерге қатысы жоқ. Бұл екі мәселеге қатысты келіссөздердің бір-біріне еш қатысы жоқ және олар жеке жолдар арқылы орын алды»,- деді.