Иран Гаага Сотына АҚШ-тың үстінен шағым түсірді
ИИР елдің Орталық банкіндегі есеп-шотының бір бөлімін тәркілеуіне байланысты АҚШ-тың үстінен Халықаралық Сотқа ресми шағым түсірді.
ИИР Президенті Хасан Рухани осы хабарды жариялап: «Иран үкіметі АҚШ-тың Иранға қарсы бұл әрекетін айыптауды және Иранға келтірген шығындардың орнын толтыруды талап етті»,- деді.
20-шы сәуірде АҚШ-тың Жоғары соты өзінің дұшпандық әрекетінде Нью-Йорктегі Иранның Орталық банкінің есебінен 2 миллион долларды лаңкестік қылмыстардың құрбандарының арызын қарастырып, өтемақы төлеуге пайдалану үшін тәркілегенін жариялады. Сот ешбір құжатсыз, «Иран АҚШ-тың сыртында орын алған әртүрлі лаңкестік әрекеттерге қатысты» деген уәждерге сүйеніп, Иранды шығын төлеуге айыптады.
Бұл іс бойынша шағым түсірушілер Иранды Ливанның Хизболласын қолдаушы деп айыптап: «Бұл қозғалыс бірқатар америкалық әскеридің өліміне себеп болған Бейруттегі 1983-ші жылғы бомба жарылысына қатысты болды»,- деп мәлімдеді. Олар сонымен бірге 1966-шы жылдағы Сауд Арабиясының «Әл-Хабар» ғимараттарындағы бомба жарылысының шығынын қайтарғылары келеді, өйткені аталмыш жарылыс салдарынан да бірнеше америкалық күш өлді.
Иран Президенті Хасан Рухани АҚШ-тың мұндай шешімін әшкере түрдегі ұрлық деп атады. Өткен айда АҚШ Сотының Иранның мүлкін тәркілеу шешіміне реакция білдіріп, Иран Мәжілісі бұл елдің үкіметін 1953-ші жылғы Ирандағы төңкеріс кезінде келтірілген шығындарын айтартуға міндеттеді. Иран Мәжілісі сонымен бірге үкіметті Ирактың Иранға қарсы соғысы кезіндегі Американың Иранға келтірген шығындарын қайтаруға мәжбүрлеуді бұйырып, сол кезде Парсы шығанағындағы Иранның мұнай базаларын жойып, АҚШ-тың Иранға қарсы тыңшылық әрекеттерін жүргізіп, Теһранға шығын келтіргенін еске салды.
1955-ші жылы Ислам революциясының жеңісіне дейін Иран мен АҚШ экономикалық қарым-қатынастар және консулдық құқықтар туралы келісімге қол қойған болатын. Халықаралық заңдар бойынша олар осы уақытқа дейін заңдық күшке ие. 1957-ші аталмыш келісім іске асырылып, сол кезден бері Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар реттелді. Бұл келісімнің 2-ші бабы Гаага Сотының істерді қарастырудағы рөлін анықтайды. Осы бапқа мәйкес, екі жақ қайшылықтар туындаған кезде Халықаралық Сотқа шағым түсіре алады.
Иран Ирактың таңған соғысы кезінде 290 адамның қаза болуына себеп болған Парсы шығанағының көгінде АҚШ-тың әскери кемесінің Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағын жарып жіберуіне қатысты Гаага сотына шағым түсірді.
Иран Халықаралық Гаага сотына екінші рет 1992-ші жылдың қараша айында АҚШ 1987-1988-ші жылдары Парсы шығанағындағы Иранның мұнай жолына шабуыл жасағаннан кейін шағым түсірген болатын. Енді қазір Иран үшінші рет шағымдануда.
Иран мен ирандық үкіметтік органдар АҚШ сотының шешімдерін заңсыз деп санайды. АҚШ сотының Иранға қарсы дұшпандығы тек құқықтық мәселелермен шектелмейді. Олардың саяси мақсаттарды көздеп, халықаралық заңдарды бұзуға дейін баруда. Мұндай жағдайда Халықаралық сотқа шағым түсіру заңды жолдардың бірі және Иранның халықаралық органдар арқылы өзін қорғайтынын көрсетеді. Алайда тәжірибе бұл халықаралық органдардан көп үміт күтуге болмайтынын көрсетті.