Бас Прокуратура азаматтарды өздеріне тартатын лаңкестерге күші жетпейтінін мойындады
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i15406-Бас_Прокуратура_азаматтарды_өздеріне_тартатын_лаңкестерге_күші_жетпейтінін_мойындады
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов ақтөбелік студенттермен кездескенде осылай деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 02, 2016 10:10 Asia/Almaty

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов ақтөбелік студенттермен кездескенде осылай деп мәлімдеді.

Ақтөбеде студенттермен кездесуде елдің бас Прокуроры лаңкестікпен күрес туралы баяндап, лаңкестердің қармағына кімдердің бірінші түсетінін түсіндіріп, олардың әлсіздер мен сенгіштер екендігін айтты. Асановтың айтуы бойынша лаңкестер оларды әдетте ақшамен алдап, кейін қолдарына қару беріп, қылмысқа итермелейді. Асанов жастарды жаман ықпалға түспеуге шақырып, әлеуметтік желілерде абай болуды сұрады. Бас Прокурор қазақстандық бақылау органы қызметкерлерінің азаматтарды интернет арқылы тартатындардың алдында қауқарсыздығын мәлімдеп, бұл тұрғыдан олардың жұмыстарының ақсап тұрғанын айтты. Оның үстіне құзырлы органның техникалық мүмкіндіктері де шектеулі көрінеді.

Құрамында 200 адам бар Астанадан келген делегация Ақтөбе облысының неліктен лаңкестердің ошағына айналғанын анықтау үшін осы жерде бір ай жұмыс істемек. Осы уақыт ішінде астаналық сарапшылар мен жауапты тұлғалар аудандарға барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, сөйлесетін болады.